avangard-pressa.ru

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру. 1. Экономикалық өсу дегеніміз не? - Экономика

1. Экономикалық өсу дегеніміз не?

2. Экономикалық өсудің типтері

3. Экономикалық өсудің факторлары

1.Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды. Экономикалық өсудің негізгі мақсаттары – халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

1. Интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары:

- қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту);

- ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру, өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру).

2. Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімінің өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары:

- жұмыс күшінің санының өсуі;

- капиталдың көлемі өсуі.

  1. Аралас типі - факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.

Экономикалық өсудің факторлары:

Тікелей факторлар: Жанама факторлар: -Еңбек ресурстарының саны мен сапасының өсуі. - Негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы. - Өндірісті ұйымдастырумен қатар технологияның жетілдірілуі. - Пайдаланатын табиғи ресурстардың саны мен сапалылығының артуы. - Қоғамдағы кәсіпкерлік қабілетінің өсуі. - Сұраныс факторлары – тұтыну, инвестициялық, мемлекеттік шығындардың өсуі. - Ұсыныс факторлары – бәсекенің дамуы, ресурстардың бағасының төмендеуі, несие алу мүмкіншілігінің өсуі. - Бөлу факторлары – қоғамдағы барлық ресурстарды тиімді пайдалану.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Экономикалық өсуге анықтама бер

2. Экономикалық өсудің қандай типтері бар?

3. Экономикалық өсуге әсер ететін факторлар не?

V. Үй тапсырмасын беру.Экономикалық өсім ерекшеліктері

VI. Бағалау.

11-сынып. Адам. Қоғам. Құқық

Сабақтың тақырыбы: 27. Қайталау.

Сабақтың мақсаты: 4-ші Бөлімде өткен материалдарды қорытындылау

Сабақтың міндеттері:

? Экономикалық теорияға кіріспе атты ІІІ бөлімде өткен «Өндіріс факторларының нарығы мен факторлық кірістерді қалыптастыру» және «Ұлттық экономика және оның динамикасы» тарауларын қайталау.

? Оқушылардың экономикалық ой-санасын қазіргі модульге сәйкестендіріп дағдыландыру

? Экономикалық әрекетте пайда болатын қатынаста қоғамдық белсенділікке баулу.

Сабақтың түрі: қайталау

Әдісі: әңгіме, семинар

Көрнекілік: оқулық

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

è Оқу құралын тексеріп түгелдеу

è Әнұран орындау, «Хабар»

è Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

1. Экономикалық өсу дегеніміз не?

2. Экономикалық өсудің типтері

3. Экономикалық өсудің факторлары

Жаңа сабақтың жоспары:

1. Еңбек нарығы

2. Капитал нарығы және табиғат ресуртары

3. Кәсіпкерлік қызмет негіздері

4. Экономикалық өсу негізгі принцптері

5. Экономикалық даму ерекшеліктері

Сабақты бекіту:

1. Еңбек нарығына анықтама бер.

2. Еңбек нарығынығ ерекшелігі неде?

3. ҚР экономикасын дамытуда қандай шаралар қолданылды?

4. Қазақстан экономикасын даму сатыларына талдау жасаңдар.

5. Капитал нарығының ерекшелігі

6. Табиғи ресурстарға не жатады?

7. Экономикалық өсуге анықтама бер

8. Экономикалық өсудің қандай типтері бар?

9. Экономикалық өсуге әсер ететін факторлар не?

Білгенім Үйренгенім Үйренгім келеді

Бағалау: өзін-өзі

Үйге тапсырма: қайталау.

Пән: Адам. Қоғам. Құқық Сынып: 11 Сабақ: 28 Күні:

Тақырыбы:Қазақстан Республикасы-құқықтық мемлекет